Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Белгратда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бүгін, 1 қараша күні 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Үндістан елінің өкілі Рохит Мормен кездесіп, 4:1 есебімен еңіске жетті.
Енді ¼ финалда Теміржанов 21 жастағы ресейлік Эдуард Савинмен кездеседі. Ол өз кезегінде түркиялық Нуреттин Овуттан айласын асырды.
Айта кетейік, бүгін әлем чемпионатында тағы бес боксшымыз өнер көрсетеді. Олар Абылайхан Жүсіпов (67), Нұрқанат Райыс (75), Сәкен Бибосынов (51), Санатәлі Төлтаев (63,5) және Нұрбек Оралбай (80). Бұл кездесулердің трансляциясын мына жерден көре аласыздар.