Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатының ширек финалында ресейлік Эдуард Савинді жеңіп, жүлделі орынға ілікті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
57 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жекте отандасымыз жарқын кездесу өткізді. Қарсыласын үш раундта да басымдықпен ұтып шықты. Төрешілер 5:0 есебімен Серіктің жеңіске жеткені жайлы қорытынды шығарды.
Серік Теміржанов жартылай финалға шыққан бесінші отандасымыз. Осыған дейін Теміртас Жүсіпов, Махмұд Сабырхан, Абылайхан Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов 1/2 финалға шыққан еді.