Серік Сәпиев өзбектердің неге біздің боксшылардан асып түскенін айтты

©Upl.uz

2012 жылғы Олимпиаданың жеңімпазы Серік Сәпиев "Студия бокса Виктора Ялымова" Youtube арнасына берген сұхбатында өзбек боксшылардың қандай артықшылығы барын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ақпан айында Болгарияда өткен Старнджа кубогінде Қазақстан құрамасы бір күміс пен бір қола ғана иеленді, ал Өзбекстан командасы жеті алтын, төрт күміс және бес қола жеңіп алған еді. 

Қазақстан алтынсыз қалған кіші ӘЧ-де Өзбекстан рекорд орнатты

- Жалпы командалық есепте Азия біріншілктерін бірнеше рет қатар Өзбекстан ұтып отыр. Неге олай?

Өзбекстанның бокс мектебі Азия аумағында ең мықтылардың бірі. Ұдайы бізбен бәсекелестікте болды. Өте еңбекқор. Қазақстан құрамасына сондай еңбекқорлық жетіспейді. Біз техника мен тактика тұрғысынан мықтымыз. Ал өзбектер көбірек жұмыс істеуге қабілетті, қазір олар көбірек соққы жасап, соның арқасында жеңіске жетуде. 

Оларда бокс деңгейі өсіп келеді, Олимпиададағы жетістікке байланысты. Одан кейін қазіргі таңда төрешілердің Өзбекстан боксшыларына бүйрек бұратыны бәрібір бар. Бұл көрініп тұрады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар