Сергей Деревянченко сенсациялық жеңілісіне байланысты пікір білдірді

6 желтоқсан 2021 17:31
©twitter.com/premierboxing

Орта салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-4, 10 KO) доминикандық Карлос Адаместен (20-1, 16 KO) жеңілген кездесуіне байланысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу Лос-Анджелес (АҚШ) қаласында өтіп, он раунд қорытындысы бойынша 95-95, 97-93 және 96-94 есебімен Адамес жеңіске жетті. 

"Ол дәл осылай жұдырықтасады деп болжағанмын. Жекпе-жек қиын әрі тең өтті. Ол солақай боксшы. Сондықтан да маған онымен жұдырықтасу ыңғайсыз болды. Енді ары қарай не боларын білмеймін. Демалып, командамен жиналып, ары қарай не боларын ақылдасамыз. Мен боксты жақсы көремін. Сондықтан да қайта оралғым келеді", - деп келтіреді Деревянченконың сөзін Karate.ru порталы. 

Еске салайық, кезінде Деревянченко орта салмақтағы отандасымыз Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) де жұдырықтасқан. Бұл кездесу 2019 жылдың 5 қазанында өтіп, қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: