Болгарияда өтіп жатқан бокстан Еуропаның ең көне турнирінде қазақстандық Санжар Тәшкенбай бірінші раундта жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен Странджа кубогін 48 келіде өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай 1/4 финал кезеңінен бастады. Қазақстандық боксшының қарсыласы ирландиялық Руни Луис болды.
Санжар Тәшкенбай кіші ӘЧ-дегі айқасы күтпеген жағдаймен бітті
Қазақстан бокс федерациясының мәліметі бойынша, Тәшкенбай жекпе-жек барысында қолын жарақаттады. Осы себеппен кездесу алғашқы раундта тоқтатылып, жеңіс қарсыласқа берілді. Қазіргі уақытта Санжарға дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр екен.