Бокс
16 қазан 20:31
 

Сенсация жоқ! Сәкен Бибосынов ел чемпионатын айқын жеңіспен бастады

  Пікірлер

blog.share

Сенсация жоқ! Сәкен Бибосынов ел чемпионатын айқын жеңіспен бастады ©

Танымал қазақстандық былғары қолғап шебері Сәкен Бибосынов Семей қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты-2025 турниріндегі алғашқы кездесуін жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Танымал қазақстандық былғары қолғап шебері Сәкен Бибосынов Семей қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты-2025 турниріндегі алғашқы кездесуін жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Түркістан облысының намысын қорғайтын Бибосынов 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абай облысының өкілі Нұрахмет Берікболовпен жұдырықтасты. Кездесу үш раунд бойы жалғасып, нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Сәкенге берді — 5:0. Осылайша, әлем чемпионы келесі кезеңге жолдама алды, ал Берікболов жарысты аяқтады.

Айта кетсек, Сәкен Бибосынов — 2021 жылғы әлем чемпионы, 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және Азия чемпионаттарының жүлдегері ("қола" — 2021, "күміс" — 2022).

Биылғы Қазақстан чемпионаты алғаш рет World Boxing ұйымының жаңа ережелері мен салмақ дәрежелері бойынша өтуде. Жарыс 21 қазанға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!