Сенсация жасаған экс чемпион Головкинді айқасқа шақырды

©Gong.bg

Жартылай орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы британиялық Лиам Смит (33-3-1, 20 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің ойымша, GGG-мен жекпе-жекке шығуға болады", - деді Крис Юбенкті (32-3, 23 KO) нокаутқа түсіріп, сенсация жасаған Смит Sky Sports арнасына берген сұхбатында. 

Головкиннен басқа, Смит жартылай орта салмақтағы экс-чемпион Келл Брукпен (40-3, 28 KO) де айқасқысы келеді екен. 

Еске салайық, Головкин - орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO чемпионы. Ал Смиттен жеңілген Юбенк бірнеше рет Головкинді айқасқа шақырған, алайда енді оған GGG-мен жекпе-жекті ұмытқан жөн.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport