Сенсация жасаған боксшы Головкин - "Канело" айқасына бір жақты болжам айтты

©twitter.com/BoxingNewsED

Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, тегі мексикалық Энди Руис (34-2, 22 КО) Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" қайтадан чемпион болады деп ойлаймын. Ол Головкинді екі рет жеңген, ал енді үшінші жеңіс болады. Осы күнге дейін "Канелоны" жеңе алатын ешкімді көрген жоқпын. Сондықтан ол жеңеді деп ойлаймын", - деп береді Руистің сөзін FIGHTER CHANNEL телеграм арнасы. 

Еске салайық, трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді. 

Айта кетейік, Энди Руис 2019 жылы маусымда ешкім күтпеген жерден Энтони Джошуаны нокаутпен жеңіп, сенсация жасаған еді. Осылайша, британиялық боксшы WBO, IBF, WBA, IBO титулдарынан айрылыған болатын. Алайда сол жылы желтоқсанда өткен қарымтада Джошуа төрешілер шешімімен жеңіп, белбеулерін қайтарып алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport