Екінші жартылай орта салмақта WBO чемпионы Шакур Стивенсон (17-0, 9 КО) Top Rank залындағы жаттығу кезінде қазақстандық Абылай Жүсіповті таныды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшылар 2013 жылы Киевте өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысқан, ал қазір кәсіпқойлар ретінде кезігіп отыр.
Әйгілі промоутер "Канело" үшін ең қауіпті қазақ боксшыны атады
"Мен сені білемін. Ол алтын жеңіп алған, мен де алтын алдым", - деді америкалық.
Ол жарыста Стивенсон 52 келіде, ал Жүсіпов бес келі жоғары өнер көрсеткен.