Жаңа зеландиялық боксшы Андрей Михайловичтің (21-0, 13 КО) менеджері Айзек Пич орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) бағыттап ауыр сөздер айтты.
"Олар (Жәнібек пен командасын меңзегені) - бокстың масқарасы. Олардың бізге істегені масқаралық (жекпе-жектің шілдеде өтпей қалуы). Біз өкпеліміз және осы үшін жауап бересіңдер, сайтан алғыр", - деді Айзек.
Михайлович те менеджерін қостап Әлімханұлына қарата:
"Мен сені өлтіремін, тышқақ", - деді.