"Семіз, ұсқынсыз, тақыр дәумін". Бокс тарихындағы ең қаһарлы панчерді жеңген әлем чемпионы

Тайсон Фьюри. Сурет: Reuters
Суперауыр салмақта WBC чемпионы Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) өзінің америкалық нокаутшы Деонтей Уайлдерді (42-1-1, 41 КО) жеңетініне ешкім сенбегенін айтады. 

"Мені санаттан шығарып тастады, осылайша, бокс тарихындағы ең қаһарлы панчермен айқасуым керек еді. Оған дейін оралудан соңғы екі ортаңқол жекпе-жек өткіздім.

Одан кейін соққы көтере алмайды деп менімен есептеспеді. Одан кейін тағы қабағым үлкен болып жарылғандықтан маған қол сермеді. Содан соң тағы 10 рет бапкер алмастырдың деп мүмкіндік бермеді.

Уайлдермен қарымтада мені қайтадан жеңіледі деді. Маған ешкім сенбеді. Адамдар менде соққы жоқ, тіпті жұмыртқаны ұрып жара алмайды дей бастады. 

Ал бүгінде мен хэвивейттің жалғыз көшбасшысымын, бокстың жетекші жұлдызы. Бірақ әлі де семіз, ұсқынсыз, тақыр, дәу және тоқтамсызбын», - деп береді Фьюридің сөзін sports.ru.
Жаңалықтар