Бокс
20 мамыр 2022 09:59

Селт еткізді. Әлімханұлы мен Дигнум көз арбасты

©sportx

Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 KO) Лас-Вегаста көз арбасу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жек кеші 22 мамырға жоспарланған.

Қос боксшы көз арбасу рәсімінде бір-бірінің көзіне ұзақ қарап тұрды. Нәтижесінде Дигнум бірінші болып Әлімханұлын "мойындағандай" әсер қалдырды.

"Орта салмақта WBO тұжырымының уақытша титулы сарапқа салынады", - деп жазды TopRank жүктеген видеосының астына.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport