Он раундқа есептелген жекпе-жекте екі боксшы да бір-бірін бірнеше рет есеңгіретіп, барлығы сегіз нокдаун болған. Ал бесінші раундта Сепеда белоруссиялық боксшыны ауыр нокаутқа түсірген еді.
Осыдан кейін екеуі де ауруханаға түсіпті. Баранчиктің ауруханадан шыққаны жайлы промоутер Лу Дибелла хабарлады.
"Екінші промоутер Тони Холденмен бірге ауруханадан кетіп барамыз. Баранчик көк ала болғанымен, әрдайым мықты жауынгер болып қала береді. Сенбіде ол ұмытылмас жекпе-жекте есе жіберді. Қуаныштысы ол сап-сау. Отбасына бара алады. Жаратушы мейірімді", - деп жазыпты Дибелла.