"Сайтан алғыр, ал істе". Пакьяоның Головкинмен жекпе-жегіне қолдау айтылды

Сурет: prosportua.com
Таяуда жартылай орта салмақта WBA чемпионы Мэнни Пакьяоның (62-7-2, 39 КО) бапкері Фрэдди Роуч филиппиндік боксшы орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеген болатын. 

Жанкүйерлердің көбі 41 жасқа келген бокс аңызына Головкин сияқты соққысы ауыр панчермен жұдырықтасып, қауіпке барудың керегі жоқ деп есептейді. Алайда әлемнің бұрынғы чемпионы Майки Гарсия филиппиндік боксшы осындай айқасқа шығу керек деген ойда. 

Мэнни Пакьяо бапкерінің қарсылығына қарамастан Головкинмен жекпе-жекке шықпақ

"Ол бірінші орта салмақта жұдырықтасқан. Егер өзінен ірілеу жігіттерді 156 фунт аралық салмаққа немесе бірінші орта дивизионға түсуге көндірсе, олармен теңесе алады. 

Пакьяоның жетістігі көп, онда неге орта салмақты көрмеске? Таңданбас едім. Сайтан алғыр, солай істеші. Орта салмаққа бар. Пакьяо әлден аңыз. Мұндай бірдеңе жасар болса, ұлылығы арта түседі. Бұл бокстағы ең үлкен жетістіктің бірі болатыны сөзсіз", - деп береді Гарсияның сөзін Boxingnews24.com.