Сауль Альварестің Головкинмен айқас үшін алатын гонорары айтылды

©Tutto Boxe

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші жекпе-жек үшін алатын гонорарының көлемі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында ESPN инсайдері Майк Коппинджер "Канело" DAZN платформасында 85 миллион долларға екі жекпе-жек өткізу бойынша Matсhroom Boxing басшысы Эдди Хирнмен келісімге келуге жақын екенін хабарлаған.

Ал оның Boxingscene.com порталындағы әріптесі Кит Айдек Альварес бұл келісімдегі әр айқас үшін 50 миллион алтынын атап өтті. 

"Канелоға" DAZN платформасынан 100 миллион долларға дейін алатынын естідім. Мұндайдан бас тарту қиын. Өйткені PBC/Showtime Джермалл Чарлодан кейін Альваресті Давид Бенавидеспен шығармақ. Жанкүйрерлер де "Канело" - Бенавидес кездесуін көргісі келеді, бірақ, табыс жағынан ол Альварес - Головкин жекпе-жегіне мүлде жуықтамайды", - деп жазыпты Айдек "твиттерде". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар