Сауль Альварес The Ring рейтингінде көш бастады. Алғашқы ондықта Головкин жоқ

©getty images

Әйгілі The Ring басылымы кәсіпқой боксшылар рейтингін жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Аталмыш басылым бүгінгі таңда барлық салмақ дәрежелері бойынша әлемдегі ең мықты былғары қолғап шеберлерін таңдап алған. Нәтижесінде мексикалық Сауль Альварес P4P рейтингісінің көшін бастады. Ал жуырда британиялық Энтони Джошуаны ұтқан украиналық Александр Усик екінші орыннан көрінді.

Бір қызығы 10 қазанда америкалық Деонтей Уайлдерден басым түскен "сыған королі" Тайсон Фьюри алғашқы ондыққа кірмеді. Сонымен қатар, ең үздік он боксшының арасында Геннадий Головкин жоқ болып шықты.

Төменде басылымның нұсқасы бойынша ең мықты 10 боксшының тізімі мынадай:

1. Сауль Альварес (Мексика)

2. Александр Усик (Украина)

3. Наоя Иноуэ (Жапония)

4. Теренс Кроуфорд (АҚШ)

5. Джош Тейлор (Ұлыбритания)

6. Эррол Спенс (АҚШ)

7. Теофимо Лопес (АҚШ)

8. Хуан Франсиско Эстрада (Мексика)

9. Василий Ломаченко (Украина)

10. Казуто Иока (Жапония)

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: