Сауль Альварес соққлары сұмдық қарсыласын атады

©AP

Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) карьерасындағы соққысы ең ауыр қарсыласын атады, деп хабарлайды vRINGe.com.

17 қыркүйекте мексикалық боксшы Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында Геннадий Головкинмен жұдырықтасады. 

"Рингте кездескен ең сұмдық панчер кім болды? Джеймс Кирклэнд. Соққылары ең ауыр сол болды. Тура мына жерімді дызылдатып жіберетін (қолын көтеріп көрсетті)", - дейді Альварес. 

"Канело" мен америкалық Кирклэнд арасындағы жекпе-жек 2015 жылы өтіп, үшінші раундта мексикалық Джеймсті нокаутқа түсірген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport