Бокс
2 шілде 07:18
 

Сарапшылар Канелоны Әлімханұлымен айқас деп қысастап отыр

  Пікірлер

blog.share

Сарапшылар Канелоны Әлімханұлымен айқас деп қысастап отыр ©instagram.com/canelo

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлемнің абсолют чемпионына лайық қарсылас болып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлемнің абсолют чемпионына лайық қарсылас болып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Канело мен Берланганың қарымта айқасы

Әңгіме екінші орта салмақтағы WBA, WBO, IBF және WBC белбеулеріне ие мексикалық Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) жайында. Жақында ғана ақпарат құралдары тегі пуэрто-риколық Эдгар Берланга (23-1, 18 КО) Канелоға қарсы екінші жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін хабарлады.

Айта кетейік, олардың арасындағы алғашқы кездесу 2024 жылдың қыркүйегінде өтті, онда Канело төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. Қазір Берланга екінші шайқасқа дайын екенін мәлімдеуде.


Әлімханұлы Канелоға лайықты қарсылас па?

Алайда шетелдік сарапшылар мен бокс жанкүйерлері қайталанған реванштардан шаршағанын айтып, жаңа есімдерді күтуде.

Boxing247 порталы Альвареске шын мәнінде лайық қарсыластар тізімін ұсынды. Бұл тізімде:

Франциялық Кристиан Мбилли (28-0, 23 КО)
Кубалық Ослейс Иглесиас (13-0, 12 КО)
Гватемалалық Лестер Мартинес (19-0, 16 КО)
Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО)
Кубалық Йоэнли Эрнандес (8-0, 7 КО)

Барлығы да жеңілмеген, мықты рекордқа ие былғары қолғап шеберлері.

Сарапшылардың айтуынша, Жәнібек көптен бері әлемдік деңгейде өзін дәлелдеген боксшы. Ол қазіргі таңда орта салмақтағы IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.

Бұған дейін де сарапшылар Жәнібектің жоғары салмаққа ауысып, Канелоға лайықты қарсылық көрсете алатынын бірнеше рет атап өткен.

Канело қазақстандық боксшымен айқасып көрген

Канелоның карьерасындағы ең айтулы қарсыластардың бірі - қазақстандық Геннадий GGG Головкин (42-2-1, 37 КО) болғаны белгілі.

Олардың 2017 жылы алғашқы кездесуі даулы тең нәтижемен аяқталды, одан кейін 2018 жылы қарымтада төрешілер жеңісті Канелоға берді. Араға төрт жыл салып, 2022 жылы үшінші жекпе-жекте де мексикалық жеңіске жетті. 

Енді GGG-дің отандасы Жәнібек Әлімханұлы Канелоның келесі қарсылас атануы мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!