Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) жапониялық Риота Муратамен (16-3, 13 КО) айқасында көрсеткен боксы әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Тимоти Брэдлидің көңілілнен шықпапты. Сарапшы сөзінше, GGG мексикалық Сауль "Канело" Алдьварестен (57-1-2, 39 КО) үшінші айқаста жеңілетіні анық, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Муратамен жекпе-жек басында Головкин өте нашар болды, алайда, кейін мықты жұдырқтасты. Бұл оның әлі де айқаса алатынын көрсетті. Головкин қуатты және соққыны дәл жеткізе алады. Алайда "Канело" қазір мүлде басқа деңгейде.
Екінші орта салмаққа көтерілу Головкинді баяулатып тастайды деп ойлаймын. Бұл мүлде басқа жағдай. Ал орта салмақтағы бірінші айқас өзге әңгіме. Сондықтан "Канело" Головкинді сабап, жекпе-жек соңына таман құлатады деп ойлаймын", - деп береді Брэдлидің сөзін Fightnews.info.