Бокс
4 қыркүйек 2023 15:00

Сарапшы қазақстандық нокаутшының шеттелуіне кінәлі кім екенін айтты

©

Бокстың германиялық шолушысы Лейф Хейнсмен Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ауыр салмақтағы қазақстандық Жан Кособуцкийдің (19-1, 18 КО) нигерилық Эфе Аджагбамен (18-1, 14 KO) жекпе-жекте дисквалификациямен жеңілгеніне қатысты ойын айтты.

26 тамыз АҚШ-тың Талса қаласында өткен бокс кешінде Кособуцкий қарсыласын белден төмен ұра бергендіктен дисквалификация алып, карьерасында алғаш рет жеңілді. 

"Бұл нашар жекпе-жек болды. Аджагба Кособуцкийді арандатып отырды, ал төреші тарапынан еш амал болған жоқ. Ақыры қажетті тәжірибенің жоқтығы қазақстандықтың ары қарайғы әрекетіне әсер етті. Ол ашуын тежей алмады да, төрешінің ісіне қарсылғын осылай көрсетті. Аджагба лас жұдырықтасады, бірақ мұны өте жақсы жасырады. Жан әлі мұндай әрекеттерді түсінбейді. Өкінішке қарай ол ондайға дайын болмады. Бұл оған жақсы сабақ болады және біз оны әлі де үлкен айқастарда көреміз деп үміттенемін", - дейді Хейнсмен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport