Сарапшы қазақстандық нокаутшыны АҚШ-та не күтіп тұрғанын айтты

©Universum_boxing

Белгілі журналист Людо Саенс Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ауыр салмақтағы қазақстандық Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) мен нигериялық Эфе Аджагба (17-1, 13 KO) жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты. 

Бұл айқас 26 тамыз АҚШ-тың Талса қаласында өтеді.

"Екі нокаутшының айқасы - бұл атаулы оқиға. Аджагбаның жеңілісі бар, бірақ бұл ештеңені өзгерпейді. Оның осы жекпе-жекте басымдығы бар. Неге олай екенін түсіндірейін. Top Rank өзінің ауыр салмақтағы боксшысына сенеді және тәуекел есептеулі болу керек. Бәрі оның жеңісіне сенеді, ал Кособуцкийдің жоғары деңгейдегі қарсыластармен айқас тәжірибесі жоқтығын қоса алсақ - бұл біраз басымдық береді. Әрине алдын ала осылай болады деп дөп басып айта алмайсың, дегенмен нигериялықта басымдық бар", - дейді Саенс. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар