Сарапшы қазақ нокаутшысына экс-әлем чемпионын жеңуге кедергі бопатын факторды атады

12 қыркүйек 2019 17:48
  https://www.instagram.com/batyr_jukembaev
TheFightCity.com порталының шолушысы Захари Алапи Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (16-0, 13 КО) бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Мигель Васкеспен (41-8, 15 КО) жекпе-жегіне қатысты ойын айтты.

Жекпе-жек 26 қыркүйекте канаданың Монреаль қаласында өтеді.

Жеңілмеген қазақтың бұрынғы әлем чемпионымен жекпе-жегі Golden Boy мен DAZN өкілдерін қызықтыруда

"Жүкембаевтың жекпе-жектерінің көбі нокаутпен біткен. Ол - солақай. Бұл әлбетте артықшылық. Ол жоғары деңгейдегі қарсыластарға жетті. Васкес жаңа салмақта айтарлықтай қарсылық дей алмаймын, бірақ, ол тәжірибелі және атақты. Бұрынғы әлем чемпионын жеңу оның атын шығарады. Бұл шешуші жекпе-жек және жаңа есіктерді ашады. Әрине ол қобалжиды, ал бұл кедергі. Ол жекпе-жектің маңызын біледі және тамаша бокс көрсетуге тырысады. Мен мұны міндетті түрде тамашалаймын", - дейді Алапи.

Бұл бокс кешінде өзге қазақстандық Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) та жекпе-жек өткізеді, оның қарсыласы мексикалық Бруно Сандовал (20-3-1, 16 КО).
Жаңалықтар