Сарапшы қазақ боксшының жекпе-жегі ауыр нокаутпен аяқталатынын айтады

©Wassermanboxing

Британиялық бокс шолуышысы Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында екінші жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық Сұлтан Зауырбек (16-0,12 КО) пен колумбиялық Виктор Хулио (17-10, 9 КО) арасындағы жекпе-жекке болжамын айтты. 

27 жастағы Сұлтан 1 наурыз Ұлыбританияның Телфорд қаласындағы Telford International Centre аренасындағы бокс кешіне қатысады. О баста инсайдерлер қазақстандық боксшының қарсыласы британиялық Алекс Дилмагани (20-2-1,7 КО) болатынын айтқан. Алайда матчмейкерлер аргентиналық Карлос Даниэль Кордобаны (16-11, 4 КО) таңдапты. Ал жекпе-жектен үш күн бұрын ғана аргентиналық жарақат алып қалып, оның орнын Хулио басты. 

"Өте күрделі жағдай. Мұндай болып тұрады. Бастысы қарсылас табылды әйтеу. Бұл жерде Сұлтанның дайындығы бекер болмағандығы маңызды. Ол рингке шығады да, өз ісін жасайды. Біз жақсы бокс тамашалаймыз деген ойдамын. Тіпті ауыр нокаут көретін шығармыз", - дейді Смит. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар