Delcotimes.com порталының редакторы Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Сауль "Канело" Альварес (58-1-2, 39 КО) пен Геннадий Головкин (41-2-1, 36 КО) айқасына қатысты пікір білдірді.
"Головкин егде тартып қалды. Алдыңғы екі айқаста ол жастау еді. Бүгін ол күш үнемдеп айқасуға мәжбүр болды. Жекпе-жектің бастапқы бөлігінде "Канело" басымдық көрсетті. Бірақ соңына таман күшін сарқып қалған Головкин жақсы соққылар көрсетті. Жалпы бәсекелі кездесу болды. Алайда бұл Альварестің лайықты жеңісі. Алдыңғы екеуі даулы болса, осы жолы мексикалық жеңіс үшін көбірек күш салды. Головкинге уақыт пен күш жетпеді", - дейді сарапшы.