Сарапшы "Канелоға" үлкен қауіп төнгенін мәлімдеді
WBC тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Григорий Дрозд отандасы Дмитрий Бивол мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес айқасына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".
WBC тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Григорий Дрозд отандасы Дмитрий Бивол мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес айқасына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".
Бокс аңызы "Канело" үшін ең қауіпті қарсыласты атады
"Биволдың мүмкіндігі мол деп есептеймін. Ол Сауль үшін ең қиын қарсылас болады. "Канелоның" жақсы қозғалатын, дистанцияны жақсы ұстайтын боксшылармен қиындығы бар. Ал Бивол сондай. Ол Альвареске қарап қалып, қашан ұрады екен деп тұрмайды. Орын ауыстыру мен алдыңғы қолымен үнемі түртпектеу болады. Бұл мексикалық үшін жаңа стиль. Ковалевте ұқсас стиль болды, бірақ, Сергей функционал жағынан дайындалып үлгермеді. Сондықтан Дмитрий үлкен қауіп болады", - дейді Дрозд.
Жарнама