Бокс
10 қыркүйек 2021 18:53

Сарапшы "Канелоға" міндетті қарсылас ететін жекпе-жек нокаутпен бітетінін болжады

©Suleimen Promotion

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (15-0, 10 КО) гайаналық Аллен Леннокспен (22-1-1, 14 КО) жекпе-жекте жеңіске мүмкіндігі мол. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Notifight.com порталының журналисті Людо Саенс осындай пікір білдірді. 

"Ербосынұлының техникасы өте жақсы. Өзінің стилі бар. Ал қарсыласы физикалық тұрғыда мықты. Бұл үлкен айқас болады. Теңдей мүмкіндіктегі теңдей жекпе-жек. Дегенмен боксшы өз отанында өзін сенімдірек ұстайды. Оның үстіне Леннокс Қазақстанға жету үшін жарты әлемді шарлап өту қажет. Екеуі де ұзақ жұдырықтаспады. Баптарында ма белгісіз. Бірақ бұл кездесудің маңызды екені сөзсіз. Алда тамаша жекпе-жек болады, нокаутпен бітуі де мүмкін", - дейді Сеанс. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport