Бокс
5 шілде 2022 09:05

Сарапшы "Канело" Головкинмен айқаста қандай қателік жіберетінін айтты

©Matchroom

World Boxing News порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегінен не күтетінін айтты. 

"GGG мен "Канелоның" үшінші айқасы - жылдың атаулы оқиғасы. Оны төрт жыл күттік. Мексикалық боксшы Биволдан жеңілгеніне қарамастан нақ бабында, ал Головкин Муратаны әдемі жеңді. 

Айқастан не күтуге болады?! "Канелоның" басымдығы бар. Дегенмен ол өзіне тым сенімді. Одан бәрі Головкиннің карьерасын аяқтайтын жеңіс күтіп отыр. Алайда бокста бәрі болуы мүмкін. Әсіресе қарсылас Головкин болса. "Канело" жеңеді деп ойлаймын, бірақ, жекпе-жек мүлде басқаша аяқталады деген ой да бар", - дейді Джей. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport