Бокс
9 наурыз 2022 11:48

Сарапшы "Канело" алдағы айқаста жеңілетінін болжады

©Fightnews.info

Бокс шолушысы және комментатор Тимоти Брэдли ресейлік Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды vRINGe.com.

Чемпиондар арасындағы жекпе-жек 7 мамыр Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған.

"Бұл өте ауыр айқас екеніне сенімдімін. Бивол құр ғана ірі емес. Ол жақсы жұдырықтасады деуге ғана болмайды. Оның стилі еуропалық, техникасы өте мықты. "Канелоның" Головкинмен кездесуін еске алыңыздар. Сол кезде Альваресті үлкен қиындықтарға соқтырған осы бір еуропалық стиль. Естеріңізде ме? Тура сондай ауыр титетін джеб, жақсы хук пен оң жақтан тіке соққы. Денеден соққы көп емес. Биволда да сол: дистанцияны тамаша ұстайды, аяғын жақсы қимылдатады, қарсы шабуылдай алады, соққыны өткізіп жіберіп, өзі ұрады. 

Сонымен қоса, Бивол үшін "Канело" стилі таңсық емес - айтарлықтай қарапайым, жоғары блок, асықпай және үнемі жасалатын қысым. Дмитрий бұған қалай қарсы тұруды біледі. Есесіне "Канело" да ресейліктің не істейтінін біледі. Олар бір-біріне дайын болады. Сондықтан өте тартысты жекпе-жек күтіп отырмыз. 

Мүмкіндік? "Канелоны" жеңетін бір адам болса, ол Бивол. Шынымен солай ойлаймын. Иә, көбі Альварес нокаутпен жеңеді деп отырғанын естідім. Сауль қысымға алып отырады, бірақ, Бивол аяқпен жақсы қимылдайды. Альварестің Калеб Плантпен айқаста да біраз соққысы далаға кетіп отырды. Демек Саульге қарсыластар жасайтын маневрлер қиыныдық тудырады. Бұл ең бастысы емес әрине. Дегенмен сондай кемшілік бар. Бұл Биволда мүмкіндік барын білдіреді", - дейді сарапшы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport