Сарапшы Жүкембаевтың болашағына қатысты шындықты турасынан айтты

22 қыркүйек 2023 10:50
©twitter.com/ProBox_TV

Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (20-1, 16 КО) аргентиналық Уго Альберто Ролданды (22-1-1, 7 КО) жеңгеніне қатысты ойын айтты. 

АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінде өткен бұл жекпе-жекте WBA NABA (Солтүстік Америка чемпионы) атағы сарапқа салынған болатын. Жүкембаев бұл жекпе-жектің бірінші раундында нокдаунға түсті, алайда қайта тұрып, жеңіске жетті. 

"Бұл Жүкембаев үшін ауыр жекпе-жек болды. Қарсылас осал емес және жеңіске үмітті болды. Бірінші раундтағы нокдаун қарсыласқа дұрыс баға бере алмағандықтан болды. Қазақстандық боксшы жекпе-жек темпіне бірден еріп кете алмаған сияқты. Алайда кейін өте жақсы қимылдай бастады. Бұл теңдей айқас болды, бірақ мен Жүкембаевтың жеңгенін көрдім. 

Ал енді оның болашағы туралы бірдеңе айту қиын. Оған физикалық формасын жақсартып, рингке жиірек шығу қажет. Техникалық тұрғыда оның дайындығы өте жақсы, бірақ оған қорғаныс пен физикасын арттыру керек. Сол кезде ілгерлегенін көре аламыз", - дейді Маккаферри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар