Сарапшы Жәнібектің дивизиондағы ең мықты боксшымен айқасына қатысты ойын айтты

©Top Rank

Британиялық журналист Бен Смит орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнбек Әлімханұылының (15-0, 10 КО) екінші орта дивизиондағы экс чемпион Крис Юбенкпен (33-3, 24 КО) жекпе-жек өткізу мүмкіндігі жайлы ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

Мұның алдында британиялықтың промоутері Калле Зауэрланд қазақстандық боксшымен жекпе-жек туралы келіссөз жүргізіп жатырмыз деген болатын

"Орта салмақ үшін бұл тамаша айқас болатын еді. Мүмкін бұл Мурата мен Головкин кездесуінен кейінгі ең жарқын жекпе-жек. Ұлыбританияда өтсе үлкен назарға ілігер еді. Жалпы Әлімханұлы мен Юбенк өз деңгейлерімен үлкен шоу жасай алады. Тек мұндайды ұйымдастыру оңай емес. Мұндай айқасты өткізу мүмкіндігі бар, бірақ өте төмен. Мүмкін қазақстандық боксшы тағы бір титул жеңіп алғанда бәрі өзгеретін шығар", - дейді Смит. 

Жәнібек кейінгі рет 2023 жылы АҚШ-та жұдырықтасып, алтыншы раундта германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) нокаутқа түсірде де, оның IBF белбеуін тартып алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар