Бокс
19 қазан 2023 11:24

Сарапшы Жәнібек орта салмақта әлемнің ең мықты боксшысы атана алатынын айтады

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Америкалық журналист Джей Кальдерон қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) германиялық Винченцо Гуальтьериге (21-1-1, 7 КО) қарсы жекпе-жектегі жеңісін жоғары бағалады, деп хабарлайды Vesti.kz.

WBO және IBF белбеулері сарапқа салынған Розенбергтегі жекпе-жек алтыншы раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

"Жәнібек Әлімханұлының бұрынғы чемпион болып қалған Винченцо Гуальтьериге қарсы жекпе-жектегі әрекетіне сын айту қиын. Жәнібек адунды болды, 160 фунтта әлемдегі ең мықты боксшыдай көрінді. Орта салмақта мұндай атақты растау үшін оның енді екі бірдей алтыны бар", - дейді Кальдерон.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport