Сарапшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы кім болатынын айтты

27 желтоқсан 2022 22:32
©Top Rank

Америкалық журналист Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) келесі қарсыласы кім болатынын айтып берді. 

"Әлімханұлы бір мәрте белбеуін қорғады. Қарсыласы мықты болмаса да, бастысы ол жеңіске жетті. Енді мәселе келесі қарсыласта. Кім болуы мүмкін? Фалькао, Юбенк немесе Мунгиямен жақын арада Жәнібек кездеседі деп ойламаймын. Ал Чарло мен Головкин туралы әңгіме айтудың өзі артық. Сондықтан Әлімханұлы міндетті қарсыластарымен кездеседі деп ойлаймын. Олардың қатарында да мықты боксшылар бар. 

Мысалы, аустарлиялық Майкл Зерафа. Сонымен қатар, неміс Винсент Фигентбутц және ұлыбританиялық Хамза Шираз. Одан бөлек аргентиналық Хуан Мануэль Таборда да бар. Бірақ ол әлсіз қарсылас. Менің ойымша, Әлімханұлының келесі қарсыласы осы төрт боксшының бірі болады", - деді МакКаферри. 

Еске салайық, Әлімханұлы өзінің соңғы кездесуін Дензел Бентлиге қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар