Бокс
6 шілде 2022 08:03

Сарапшы Головкиннің "Канелоны" жеңу мүмкіндігіне шынайы баға берді

©The Sun

Бокс сарапшысы британиялық Ли Кормли Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегі туралы не ойлайтынын айтты. 

"Головкин төрт жыл жоғалтты. Алдыңғы екі жекпе-жек бәсекелі болды, ал қазір "Канело" нақ бабында. Ол абсолют фаворит. Ол жас әрі жылдам. Оның үстіне айқас Лас-Вегаста өтеді. 

Головкин үшін ұтымды болып тұрғаны - сарапшылар мен "Канелоның" оны менсінбегені ғана. Геннадийде әлі де сұмдық соққы бар. GGG-дің жалғыз мүмкіндігі ол оңтайлы сәтін ұстап, "Канелоны" нокаутқа түсіру болып отыр. Бұған сену қиын, дегенмен, ықтималдылық аз да болса бар", - дейді Кормли. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport