Сарапшы Головкиннің жаңа бапкермен қаншалықты ілгерілегеніне баға берді

22 желтоқсан 2020 11:21
Сурет: AFP

The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер қазақстандық Геннадий Головкинде (41-1-1, 36 КО) Джонатан Бэнкспен жаттыға бастағаннан кейін жақсы жаққа өзгерістер барын байқаған.

"Менің ойымша, Головкиннің Шереметамен жекпе-жектегі техникасы бұрынғыға қарағанда (Стив Роллс және Сергей Деревянченкомен кездесулермен салыстырғанда) өткірлеу болды. Ал қорғанысы мен соққы жасауы кейінгі жылдардағы ең айқынырағы. Үшінші лагерь бапкер мен боксшы үшін бір-біріне үйренісіп, өнімді жұмыс жағынан сәтті өткен сияқты", - дейді Фишер өз айдарында. 

 
Жаңалықтар