Бокс
12 мамыр 2017 10:55
 
Сарапшы Головкиннің Альваресті нокаутпен жеңуінің неліктен маңызды екенін айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Сарапшы Головкиннің Альваресті нокаутпен жеңуінің неліктен маңызды екенін айтып берді © boxingscene.com

Boxingnews24.com порталының сарапшысы Дэн Эмброуз WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннге (37-0, 33 КО) мнеліктен 16 қыркүйекке белгіленген жекпе-жекте ексикалық Сауль "Канело" Альваресті (49-1-1, 34 КО)  нокаутпен жеңу маңызды екенін айтып берді, - деп жазады Vesti.kz.

"Головкин Альваресті нокаутқа түсірсе, бұл қазақстандықты бокс шыңына көтереді. Тіпті мүмкін pound-for-pound рейтингінде жоғарылайды. The Ring журналына Головкинді"Канеломен" өтетін жекпе-жектен кейін оны P4P рейтингінің бірінші орнына қою немесе қоймау керектігін шешу керек болады. Бірақ меніңше, рейтингітің бірінші орнында "Канело" тұрады. Бірақ Головкин бірінші болып тұрса бұл да мені қуантар еді", - дейді сарапшы.

Сондай-ақ, сарапшының  айтуынша, Альваресті нокаутқа түсіру Головкин үшін үлкен құрмет болады. Себебі мексикалық боксшыны ешкім де осыған дейін нокаутқа түсіріп жеңбеген. "Головкин Альваресті нокаутқа түсіріп жеңсе, бұл бүкіл бокс әлемінде үлкен шу шығарады. ", - дейді Дэн Эмброуз. Сарапшының айтуынша, Головкин PPV (ақылы трансляциялар) жұлдызы атануы мүмкін.

"Канело" жеңіліс тауып, Головкиннен қашатын болса, бұл Головкинді орта дивизионның королі етеді. Сонда Головкинге коллекциясына соңғы титулын толтыру үшін тек орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен ғана кездесу керек болады", - деді бокс сарапшысы.

Жарнама

Живи спортом!