Бокс
12 сәуір 2022 08:15

Сарапшы Головкинді "Канеломен" айқаста қандай қауіп күтіп тұрғананын айтты

©Global Look Press

World Boxing News порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Риота Муратаны (16-3, 13 КО) қалай жеңе алғанын айтты. 

"Шоу жалғасады". Головкин соңғы кездесуінен кейін тағы мәлімдеме жасады

"Головкин алғашқы раундтарда қысымға түсті. Мурата жылдам әрі жеңіл қимылдады. Адуыны байқалып тұрды. Жапониялық боксшы шынымен жеңіп келе жатқан. Алайда Головкин сәтсіздіктің бетін кері бұрды. Ол элиталы боксшылар қатарында екенін дәлелдеді. Муратаның шаршағанын күтіп, оны нокаутқа түсірді. GGG бұрын қандай болғанын еске түсірді: ұлы және атынан ат үркетін қорқынышты. Кейінгі айқастарының ішіндегі ең кереметі. 

Алайда "Канеломен" айқас мүлде басқа болады. Мексикалық боксшы нақ бабында. Ол өз дивизионындағы ең мықты боксшы. Ал Головкин үшінші айқас үшін сол салмаққа бару керек. GGG үлкен қиындыққа тап болады", - дейді Джей. 

Головкиннен нокаутпен жеңілген Мурата алғашқы ойын айтты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport