Сарапшы Головкин - "Канело" айқасына қатысты біраз жанкүйердің үмітін үзді
Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегіне қатысты өз болжамын айтты.
Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегіне қатысты өз болжамын айтты.
Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді.
"Головкинге "Канеломен" айқаста қиын болады. Кейінгі кездесуінен бері төрт жыл өтті. GGG ол кезде бабында еді және Альвареске үлкен қиындық туғыза алатын. Генадий екі жекпе-жекте де жеңді деген ойдамын. Алайда үшінші айқас өзгеше болады. Мексикалық тамаша күйде. Биволдан жеңілгенде жанкүйерлер абдырып қалды, дегенмен, GGG-мен жекпе-жекте ол анық фаворит. Бұл мен үшін ең мықты әрі көптен күткен айқас", - дейді Смит.
Жарнама