Бокс
23 сәуір 2024 13:26

Сарапшы Джалоловтың мықтылығы неде екенін түсіндірді

©olympic.uz

1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері Виктор Демьяненко өзбекстандық бкосшы Баходир Джалоловтың (14-0, 14 КО) қандай боксшы екенін ашық айтты. 

"Маған Джалолов ұнайды. Ол физикалық күші керемет боксшы емес. Оның артық салмағы көрініп қалады. Алайда ол өте ақылды боксшы. Баходир артық қимыл жасмайды. Оның стилі қарапайым, бірақ барынша нәтижелі. Меніңше, ол қажырлы болғандықтан осындайға жетіп отыр. Бұл биікке жетуге мүмкіндік береді. 

Қонқабаевпен текетіреске келсек, олар неше рет жұдырықтасты, кім қанша рет жеңді? Міне ол мықты. Қамшыбекке қарсыласын сараптап, тактикалық жағынан жеңуге тырысу керек, сонда мүмкіндік бар. Алдағы Олимпиадада осындай мүмкін болар. Солай ете алса, бұл тамаша болады", - дейді Демьяненко.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport