Сарапшы "Дауылды" нокаутқа түсірген қазақ боксшыны не күтіп тұрғанын айтты

©

Британиялық шолушы Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында "Дауыл" лақап атты испаниялық Джон Картерді (15-1-1, 7 КО) нокаутқа түсірген Сұлтан Зауырбектің (15-0, 11 KO) болашағына қатысты ойын айтты. 

Жекпе-жек 21 шілде Шотландия астанасы Эдинбургте өтіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. 

"Жақсы жеңіс. Статистикалары ұқсас болғанымен бұрын жеңілмеген испаниялық арасындағы айырмашылық бірден көрінді. Сұлтан - жақсы дағдылары бар өте талантты жігіт. Ол әлі өзін толық ашып көрсете алмағаны анық. Яғни ары қарай өсуге әлеуеті бар. Ол мықты боксшылары бар үздік командаға қосылып, жолы болды. Ұлыбританияда ол жақсы айқастарға шыға алады. Бәрі өзінің қолында деп ойлаймын. Қарсыластарының деңгейі өсе берсе, алдағы бір-екі жылда аты шыққан боксшылар қатарына қосылады", - дейді Смит. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар