Сарапшы Биволмен қарымтада не болатынын айтты

©DAZN

Әлемнің бұрынғы чемпионы, ал қазір бокс шолушысы Тони Беллью мексиклаық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қарымта айқаста Дмитрий Биволды (20-0, 11 КО) жеңетініне шүбә келтірмейді, деп хабарлайды vRINGe.com.

"Геннадий Головкинмен айқасқа дейін "Альварес оны қалай жеңбек?" деген сұрақ мазалайтын. Әлемде одан мықты панчер жоқ еді ғой. Бірақ "Канело" оның соққысын көтерді. Сосын жарайды бұл орта салмақта. Ал Сергей Ковалев сені есеңгіретеді деп ойладым. Ал ол жекпе-жек мүлде керісінше аяқталды. 

"Білмеймін, көреміз. Бірақ Альварес реванш қалайды. Қарымта керек пе? Мәселе сонда. Ол жеңіліс оның абыройына нұқсан емес. Оның мұрасы онсыз да тамаша. Дегенмен қарымта өтетін болса, ол Биволды сабайды. Ал алдында болғаны тек сәтсіздік. Мұндай ұлылармен де болады", - дейді Беллью. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар