Сарапшы ауыр салмақта жеңілмеген нокаутшылар айқасына болжамын айтты

©Universum Boxing

Америкалық бокс шолушысы Джим Карас Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) мен америкалық Джаред Андерсонмен (13-0, 13 КО) жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты. 

Бұл айқас 1 шілде АҚШ-тың Толедо қаласында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Жан үшін бұл Америкадағы алғашқы айқасы. 

"Ауыр салмақта мықты боксшы өте қажет. Меніңше, Джаред Андерсонның алдағы жекпе-жегі осындай мықтыны анықтайды. Қазақстандықпен алдағы кездесу ол үшін ауыр сын болмақ. Үлкен қауіппен бетпе-бет келеді. Бұл айқаста нокаут болуы да ықтимал, бәрін күтуге болады. Менің ойымша, жасы, физикалық күші мен жанкүйерлердің қолдауы Джаредке басымдық береді. Дегенмен бұл Кособуцкийге менсінбей қарауға себеп емес", - дейді Карас. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport