Спорт туралы жазатын америкалық Badlefthook.com порталының шолушысы Патрик Л. Стумберг орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) келісі қарсыласына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлімханұлы 26 қарсыласын нокаутқа түсірген боксшымен айқасады
"Батлер рейтингте алтыншы - бұл шынын айтқанда Дезел Бентлимен салыстырғанда бір қадам кері шегіну. Батлер қиындықты еңсере алмайды, осалдау - 2017 жылы Брэндон Куктан жастық, тәжірибесіздіктен жеңілді, ал Риота Мурата өте мықты болды десек, Хосе де Хесус Масиастан жеңіліп қалуын ештеңемен ақтауға келмейді.
Шынын айтайын, бұл таңдауға Әлімханұлы кінәлі деп тұрған жоқпын. Лиам Смитпен жағдай белгілі, ал Батлерден жоғары тұрған өзге жігіттердің бірі қазақ, ал өзгелерінің жекпе-жектері белгіленіп қойған. Хайме Мунгия болса айқаспайтынын ашық айтты. Ал біз Жәнібектің орта салмақтағы шын мықтымен айқасқанын көргіміз келеді", - делінген мәтінде.