Сарапшы Әлімханұлының келесі айқасында нокаут болатынын айтты

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлерді (32-3-1, 26 КО) нокаутқа түсіруі керек. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық журналист Джек МакКаферри осындай ой айтты. 

12 раундты жекпе-жек 13 мамыр Калифорниядағы "Стоктон-Аренада" өтеді. Бұл айқаста Жәнібекке тиесілі WBO белбеуі сарапқа салынады.

"Батлер - ең атақты қарсылас емес, дегенмен оның тәжірибесі молдау. Ол үлкен айқастарға шығып, чемпиондыққа таласып көрген. Әлімханұлының басымдығы бар сияқты, алайда қарсылас кәсіпқойда көбірек жекпе-жек өткізді. Оның үстіне Жәнібек кейінгі кездесуінде нашарлау көрінді. Бірақ канадалықтың жеңу мүмкіндігі бәрібір төмен. 

Ол бұрын да нокаутқа түскен. Мұндай жағдай осы жекпе-жектің немен бітеріне әсер етуі мүмкін, қазақ боксшы да қарсыласын құлатуы ықтимал", - деп жазыпты МакКафери. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport