Сарапшы Әлімханұлының абсолют чемпион атану мүмкіндігі жайлы ойын айтты

7 қыркүйек 2023 10:19
©twitter.com/boxingscene

Бокс туралы жазатын белгілі World Boxing News порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 KO) мен IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуальтьери (21-0-1, 7 KO) арасында өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

Бұл кездесу 14 қазан Розенбергте (Техас штаты, АҚШ) өтеді.

"Әлімханұлы өте мықты көрінеді. Бұл айқасқа келіскен Гаултьери үлкен қауіпке барып отыр. Жекпе-жек барысын болжау қиын, дегенмен Әлімханұлы басымырақ сияқты. Оның шеберлігі, тәжірибе мен танымалдығы айтарлықтай жоғары. Жеңіске жетсе ол ары қарай тек Джермалл Чарло немесе Карлос Адамеспен ғана қиындықтарға тап болады. Ал қазір Жәнібек орта салмақта титулдарды біріктіре алатын боксшыға ұқсайды", - дейді Джей. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар