Сарапшы Әлімханұлына не қажет екенін айтты

©Top Rank

Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (14-0, 9 КО) карьерасына қатысты пікір білдірді. 

Кейінгі рет Жәнібек мамыр айында АҚШ-та жұдырықтасып, канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, чемпиондығын екінші рет қорғап қалған болатын. 

"Әлімханұлына жаңа дағды меңгеру қажет. Оған Ұлыбританияға назар салуға кеңес берер едім. WBO рейтингінде бірнеше жақсы боксшы бар. Егер Лиам Смит пен Крис Юбенк өздерінің текетірестерінен босамай жатса, Феликс Кэш, Хамза Шираз бар, тіпті Дензел Бентлимен қарымта да карьераны жалғастырудың жаман жолы емес. Кейінгі айқастан бері үш ай өтті, құлақтандыру жасайтын уақыт болды", - дейді Смит. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport