Бокс әлемінің британиялық сарапшысы Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта самлақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 KO) мен IBF белбеуіне ие германиялық Винченцо Гуальтьери (21-0-1, 7 KO) жекпе-жегіне қатысты ойын айтты.
Бұл кездесу 14 қазан Розенбергте (Техас штаты, АҚШ) өтеді.
"Бокс өзі бір қызық дүние. Әлімханұлы чемпион атанып, оны қорғап та тастады. Алда титул біріктіретін жекпе-жеке шығады. Алайда ол бәрібір дивизионның мықты боксшыларына қызықты қарсылас емес. Мәселе оның танымал еместігінде. Атын шығару үшін оған үлкен айқас ауадай қажет. Қазіргі таңда ол үш титул жинап алса да, жақсы табыс көре алмайды. Оның командасына Ұлыбритания нарығына шығуды ойлау керек сияқты. Мүмкін бұл географияны кеңейтіп, танымалдылығын арттырады. Ал әзірше Юбенктің титулды емес жекпе-жегі Әлімханұлының екі белбеу үшін айқасынан қызықтырақ", - дейді Смит.