Сарапшы Әлімханұлын алда не күтіп тұрғанын айтты

©twitter.com/qazaqstyle

Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) WBO "уақытша" чемпионы атағы үшін айқаста британиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) жеңуі қазақстандық боксшының нағыз әлеуетін ашып көрсетті. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында World Boxing News редакторы Фил Джей осындай пікір білдірді. 

22 мамыр Лас-Вегаста өткен айқас екінші раундта нокаутпен аяқталды. 

"Әлімханұлының жеңісі жарқын және сенімді болды. Ол барлық жағынан қарсыласынан асып түсті. Алдын ала мақтағым келмейді. Алда әлі мықты қарсыластармен сынға түсу керек. Алайда рингтегі әрекеті, көрсеткен техникасы мен істегені керемет. Ол өте жан-жақты боксшы. Түрлі стилдерде жұмыс істей алады. Бір-екі жылда біз оның нағыз күшін тамашалай аламыз деген ойдамын", - дейді Джей. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport