Сарапшы Әлімханұлы алдағы айқаста жеңілуі мүмкін екенін жасырмады
Жәнібек Әлімханұлына (11-0, 7 КО) британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) жекпе-жек оңайға түспейді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында BoxingScene.com шолушысы Элиот Фостер осындай пікір білдірді.

WBO "уақытша" чемпионы үшін өтетін бұл айқас 21 мамыр Лас-Вегасқа жоспарланған. Сарапшы британиялықтың мықты жақтарын атады.
"Әлімханұлын Дигнуммен ауыр жекпе-жек күтіп тұр. Дэнни - ымырасыз және еңбекқор боксшы. Ол өзінің өзгеше дағдыларымен көзге түсті. Бұл айқаста жеңіске мүмкіндіктер теңдей деп ойлаймын. Екі қарсылас та жас әрі амбициялары зор. Қазақстандық боксшы атақты қарсыластарды жеңгенімен, олар бабынан қайтқандар еді. Бұл кездесуде бәрі екеуіне ғана байланысты. Енді бізді өте ақылды және әдемі бокс күтіп тұр деп ойлаймын, ал жеңімпаз ұйымның лайықты чемпионы болады", - дейді Фостер.
Тосыннан. Жәнібек Әлімханұлы батыл мәлімдемемен селт еткізді
Жарнама