Сарапшы Әлімханұлы 26 нокауты бар канадалықтан жеңілуі мүмкін екенін айтты
Канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлын (13-0, 8 КО). жеңіп кетуі мүмкін. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бокс сарапшысы Филипп Сен-Мартен осындай пікір білдірді.

12 раундты жекпе-жек 13 мамыр Калифорниядағы "Стоктон-Аренада" өтеді. Бұл айқаста Жәнібекке тиесілі WBO белбеуі сарапқа салынады.
"Стивен Батлер - мінезді және мықты боксшы. Әлімханұлы сияқты талантты емес шығар, бірақ ерік жігері мол. Ол қарсыласынан жас, алайда тәжірибесі көбірек. Оның үстіне ол анедрдог статусында. Ондай кезде психологиялық қысымнан адасың. Үлкен айқастарда бұл шешуші мәнге ие болады. Егер Жәнібек мүмкіндік беріп қойса, Батлер оны міндетті түрде пайдаланады. Стивен былай көрінгеннен әлдеқайда қауіпті", - дейді сарапшы.
Жарнама