Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында irish-boxing.com порталының шолуышысы Джонни Стэплтон қазақстандық Фируза Шарипова (14-1, 8 КО) мен абсолют чемпион ирландиялық Кэти Тэйлор (19-0, 6 КО) жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты.
"Шарипова туралы бұрын ештеңе естімегенмін. Қанша айқасқа шыққанын көрдім, осыдан оны қалай міндетті қарсылас атанғанына таңмын. Кэти - қазіргі таңдағы ең мықты боксшы. Оны кім тоқтата алатынын да елестету қиын.
Бокстан бәрі болады, бірақ, бұл жағдайда емес. Тэйлор жекпе-жектің екінші жартысында нокаутпен жеңеді", - дейді Стэплтон.